Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медеудегі өзенге құйылған лай су алматылықтарды алаңдатып қойды (видео)

Өзенге құйылып жатқан лайлы суФото: коллаж

Әлеуметтік желіде Алматының Медеу ауданындағы өзенге сары түсті ағынды құйылып жатқанын көрсететін видео тарады. "Алматы Су" коммуналдық кәсіпорны мән-жайды түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жайтқа сол маңда демалып жүрген адамдар куә болып, видеоға түсіріп алған. Видеодан өзен суына сары түсті ақынды құйылып жатқанын аңғаруға болады. Ағындының әсерінен өзен суы да лайланып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, ағындыдан хлордың исіне ұқсас иіс шыққан.

"Біз өзен жағасында отырған едік, кенет суға хлордың иісіндей иіс шығатын сары сұйықтық құйыла бастады. Бұл бізді алаңдатып отыр. Өзенге мұндай сұйықтық ағызуға рұқсат етілген-етілмегенін және бұл не нәрсе болғанын түсінгім келеді", – деп жазды куәгерлер.

Tengrinews.kz басылымының мәліметінше"Алматы Су" коммуналдық кәсіпорны өкілдері ауа температурасының көтерілуі, тау мұздықтарының белсенді еруі және сел жүруі кезеңдерінде тау өзендеріндегі өңделмеген судың сипаттамалары өзгеретінін айтқан. Анығырақ айтқанда, лайлылығы айтарлықтай артады.

Осыған байланысты су тазарту қондырғыларында су қабылдау көлемін азайтуға тура келеді екен, өйткені қатты лайланған суды технологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес ауыз су деңгейіне дейін тазарту мүмкін емес көрінеді.

"Су өңдеу станциясынан таулы өзендерден келетін қатты лайланған судың бір бөлігі төгіледі, өйткені оны ауызсу деңгейіне дейін тазарту мүмкін емес. Бұл суда ешқандай бөгде қоспалар жоқ және қоршаған ортаға қауіп төндірмейді", – деп түсіндіреді кәсіпорын өкілдері.

Бұл ретте қала, оның ішінде Медеу ауданы сумен қалыпты режимде қамтылып жатыр. Тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтау схемалары қайта реттелген.

Аида Тақабаева
Сәрсенбі, 23 Шілде, 2025 09:52
Талқылау