AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжілістің тағы бір депутаты өз еркімен орнынан кетті

Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменова Орталық сайлау комиссиясына өз өкілеттілігін тоқтату туралы өтініш жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы мәжілісінің депутаты Зульфия Болатқызы Сүлейменованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деген шешімге келді", – делінген ресми хабарламада.

Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы шығарып, депутат Зүлфия Сүлейменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным мәжілістің қарауына енгізді.

Депутат Сүлейменова былтыр Nur Otan партиясының (қазіргі Amanat) тізімі бойынша мәжіліске сайланған. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.

Айта кетері, бұған дейін депутат Файзолла Қаменов пен Сергей Решетниковтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қазақстан халық партиясы олардың орнына Гауһар Нұғыманова мен Магеррам Магеррамовты ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы екеуінің кандидатурасын бекітті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр