Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжілістен тағы бір депутат кетті

Мәжілісмен Владимир Тохтасунов депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өз еркімен өтініш білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін комиссия мүшелері депутат Тохтасуновтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы қаулыны қабылдады. Конституцияның 52-бабы мен "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным мәжіліске енгізілді. Енді оның әріптестері дауыс беріп, депутаттық мандатын тоқтатуға тиіс.


"Иманғали Тасмағамбетовке қарсы тергеу жүргізіліп жатыр": Бас прокуратура ақпаратқа пікір білдірді


Айта кетсек, бұған дейін депутат Файзолла Қаменов пен Сергей Решетниковтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қазақстан халық партиясы олардың орнына Гауһар Нұғыманова мен Магеррам Магеррамовты ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы екеуінің кандидатурасын бекітті. Одан кейін Зүлфия Сүлейменова депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш берді.

Айнұр Мұхади
Сенбі, 12 Наурыз, 2022 13:55
Талқылау