Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақының бір бөлігін алғаны үшін салынатын салық кейінге қалдырылды

Мәжілісмендер зейнетақы жинақтарын алу кезінде жеке табыс салығын кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Депутаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады.

Заң жобасында:

- жеке тұлғаларға зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін қолданған кезде жеке табыс салығын төлеуді кейінге қалдыру құқығын беру, сондай-ақ оны есептеу, ұстау және төлеу тәртібін айқындау;

- пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілеріне бөлшек сауда салығын төлеу құқығын беру үшін бөлшек сауда салығына арнайы салық режимін енгізу;

- үстіміздегі жылдың соңына дейін үкімет айқындаған іс-шаралар тізбесіне сәйкес экономиканың ең көп зардап шеккен секторларындағы микро, шағын және орта бизнес субъектілеріне бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салықтың мөлшерін анықтау құқығын беру.

Заң жобасы ел Президентіне жолданады.

Еске салсақ, осыған дейін зейнетақының бір бөлігін алғаны үшін салынатын салықты бөліп төлеу ұсынылды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 24 Қараша, 2020 09:50
Талқылау