Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжілісмен Бейсенбаев мандатынан бас тартты: Оның орнын “Ақ жол” Алматы филиалының басшысы келді

Мәжілісмен Бейсенбаев мандатынан бас тартты

Фото: ОСК

Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев өкілеттігін тоқтатты, оның орнына Олжас Нұралдинов келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орталық сайлау комиссиясы Ержан Бейсенбаев өз еркімен өкілеттігін тоқтатқаннан кейін, Олжас Нұралдиновты мәжіліс депутаты ретінде тіркеді.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Олжас Нұралдиновқа куәлік пен белгі үлгісіндегі төсбелгіні табыс етіп, оны депутаттық корпус құрамында сәтті қызмет атқаруына тілектестік білдірді.

Олжас Нұралдинов 1989 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. 2021 жылғы тамызда Нұралдинов "Ақ жол" партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы болып сайланды. 2023 жылғы наурызда ол Алматы қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты атанды.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 27 Тамыз, 2025 22:15
Талқылау