Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс салықты 10 есеге қысқарту жөніндегі жобаны мақұлдады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне арналған түзетулер жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Мәжіліс салықты 10 есеге қысқарту жөніндегі жобаны мақұлдады

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев аз жалақы алатын, атап айтқанда, айына АЕК-тен 25 еседен аспайтын мөлшерде (2018 жылы 60,125 теңге) ақы алатын қазақстандықтар үшін салықты төмендету туралы бастаманы көтерген болатын. Енді олардың жеке табыс салығы он есе азаяды. Сонымен қатар, осы қысқартылған қаражат аталған азаматтардың жалақысын көтеруге жұмсалады.  Демек, елде екі миллионнан астам тұрғынның жалақысы өседі.

«Бұл норма 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді», – деп қорытындылады Мәжіліс.

Сондай-ақ, бала кезінен бірінші топ мүгедегі болып қалғандарға қамқорлық жасайтын адамға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны енгізу тағы бір жаңалық болып отыр.

Сонымен қатар, қуғын-сүргіннің салдарынан ата-анасының біреуінен айырылған, жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың балалары ақшалай өтемақы алуға құқылы болмақ.

Талқылау