Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс депутатының әйелі лауазымды қызметке тағайындалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа кадрлық тағайындау туралы құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ақпарат таратты.

b545290e74d62ffe2404c5cf911384ce_XL

“Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Зарема Кәукенқызы Шәукенова Қазақстан Республикасы президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметіне тағайындалды”, – делінген жарлық мәтінінде.

Зарема Шәукенова ҚР парламент мәжілісінің депутаты, экология және табиғатты пайдалану бойынша комитет мүшесі Серік Сейдумановтың әйелі. Серік Сейдумановтың бұл екінші некесі екен.

Олардың 2005 жылы туған Сабрина есімді қыздары бар. Сейдумановтың сондай-ақ, бірінші некесінен үш баласы бар: Анел мен Сәния (1986 және 1994 жылы туған), ұлы Әлнұр (1987 жылы туған).

Зарема Шәукенова 1965 жылы 29 қыркүйекте Шымкент қаласында өмірге келген. 1987 жылы Жданов атындағы Ленниград мемлекеттік университетін бітірген. Психология ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік ғылымдар докторы, профессор, социлология академиясының академигі. 150-ден астам ғылыми және ғылыми-методикалық зерттеулердің авторы.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтын Ерлан Қарин басқарған болатын. Ол жақында ғана “Қазақстан” корпорациясының басқарма төрағасы қызметіне кірісті.

Оқи отырыңыз:

Тасмағамбетов Ресейге жұмыс істеуге жіберілді

Қызылорда қаласының әкімі өзіне сұрақ қойған тұрғынды ұрсып тастады

Қазақстанда жоғары дәрежелі шенеуніктер саны қысқартылады

Назарбаев әкімдердің жалқаулығын сынады

Талқылау