Мәжіліс депутаты: Мен әйелімді мың есе артық жақсы көремін
Осы аптада Парламент Мәжілісінде құқық қорғау жүйесін жетілдіру туралы заң жобасы талқыланған. Талқылау барысында мәжілісмендер, полицейге қарсылық танытқандар 11 миллион теңге төлеу керек деген заң жобасына жаппай қарсы шықты.
Фото: Sputnik
Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлайды.
Депутат Азат Перуашевты “күйдірген” сондағы норма. Аталған заң жобасы бойынша Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арнайы органдар, коррупцияға қарсы мекеме қызметкерлері, әскерилердің коррупциялық ісін тергеу құзыретін беруді сұрады. Елімізде коррупциялық істерді тергеумен Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрамына кіретін Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы айналысып келеді. Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркельдің сөзіне қарағанда, бұл өзгеріс мұндай істерді тергеуде коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына “баламалы тепе-теңдікті” қамтамасыз етеді. Жаңалықтың бірі осы.
“Күйеуі әйелін ұрса, айыппұл 40 мың теңге. Ал егер полицеймен тәжікелесіп қалсаң, 11 млн теңге төлейсің. Бұл не? Не, әйелің полицейден мың есе арзан ба? Мен, мысалы, әйелімді мың есе артық жақсы көремін”, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.
Бұған дейін ІІМ полицияға бағынбауға салынатын айыппұлды көбейту себебін түсіндірген еді.
Оқи отырыңыз:
Ақмола облысының тұрғыны күйеуін қызын зорлады деп айыптады
Оралда 83 жастағы әже үйінде тау болып үйілген қоқыс арасында жалғыз өмір сүруде
Кореяға барып 2500 доллар жалақы аламыз деген жүзге жуық қазақстандық оңбай алданып қалды
Ақтөбе облысында 7 жасар оқушыны буындырып өлтірген қылмыскер тоғыз айдан бері табылар емес