Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Қазақстандағы білім бағалау жүйесін сынға алды

Парламент мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова PISA халықаралық зерттеуі аясындағы қазақстандық студенттердің нәтижелеріне қатысты пікір айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Білім министрлігі, реформа авторлары зерттеу нәтижесі бойынша жаратылыстану сауаттылығының 23 ұпайға, математикалық сауаттылықтың 2 ұпайға, оқу сауаттылығының 1 ұпайға төмендегенін атап өтті. Бір қарағанда оң нәтиже сияқты. Алайда мен нақты жағдайға қысқаша талдау жасағым келеді. 2022 жылғы зерттеуге 81 мемлекет қатысты. Оның ішінде 8 мемлекет алғаш рет қатысты. Барлық салаларда Қазақстан ЭЫДҰ орташа көрсеткішінен төмен болды. Математикадан Қазақстан 81 елдің ішінде 423 ұпаймен 46-шы орында", –  деді Ирина Смирнова мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауалында.

Оның айтуынша, Қазақстандағы студенттердің шамамен 2%-ы математикадан жоғары деңгей көрсете алған. Бұл деңгейлерде оқушылар күрделі жағдайларды математикалық түрде модельдей алады және оларды шешу үшін сәйкес есептерді шешу стратегияларын таңдап, салыстырып, бағалай алады. Математикадан функционалдық сауаты жоқ оқушылар елімізде 48% пайызды құрайды. Ал ЭЫДҰ-да мұндай студенттердің көрсешкіші 31%.

"Математикалық сауаттылық жағынан біздің қасымызда зерттеуге алғаш рет қатысып отырған Моңғолия мемлекеті тұр. Нәтижесі бойынша бір кездері біздің елмен бірдей немесе ұқсас білім жүйесі бар елдерден Украина, Вьетнам, Литва, Латвия, Эстония алда тұр. Ал ең көп ұпай жинаған Сингапур. Оның 574 ұпайы бар. Ал бұл біздің студенттерден 150 ұпайға артық. Оқу сауаттылығы бойынша Қазақстан 81 елдің ішінде 61-орында. Қазақстан бұл ұстанымға жіті назар аудару туралы ұсыныс алды. Оқушылардың тек 1%-ы оқуда 5 немесе одан жоғары деңгейде балл жинады. Олар ұзақ мәтіндерді түсінеді, қарама-қайшы ұғымдарды талдап, пікірлер мен фактілерді ажырата алады. 64% оқушы оқуда функционалдық сауатсыз болып саналады", – деді Смирнова.

Депутат PISA зерттеуінің нәтижесі бойынша үздік 50-ге кіру үшін бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Депутат білім беру саласындағы реформалардың жүзеге асырылуын және олардың жалғасуының оңдылығын бағалау мақсатында PISA зерттеуінің және білім сапасының басқа да зерттеулерінің нәтижелерін шұғыл және объективті түрде зерделеуді ұсынды. Сонымен қатар білім беру жағдайын шынайы бағалау үшін тәуелсіз жұмыс тобын құру қажеттігін жеткізді. Оған қоса, Смирнова премьер-министрдің бақылауымен білім министрлігі білім беру сапасы жөніндегі комитет құрып, тәуелсіз бақылауды қамтамасыз ету керектігін айтты.

Еске салсақ, осыған дейін үш жылда бір өткізілетін PISA халықаралық рейтингінде қазақстандық оқушылардың көрсеткіштері жақсарғаны туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау