Маймылмен тамақтанатын тайпа адамдарының аяқтары өзгеріске ұшыраған (фото)
Huaorani тайпасының өмір сүру салты олардың аяқтарының пішінін өзгерткен. Бұған фотограф Пит Оксфорд көз жеткізіп қайтты. “Маған қарағанда әлдеқайда ерекше адамдармен уақыт өткізгенді ұнатамын”, – дейді ол.
Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.
Аталған тайпа өмір сүріп жатқан аймақта дүкен де, дәмхана да жоқ. Олар қарны ашса, маймыл атып жейді.
Олардың аяғы жүгіруге өте икемді әрі алыста жүрген маймылды оңай өлтіреді. Huaorani тайпасында 4 000-нан астам адам бар. Кейбіреуінің аяғында 6 саусақ бар.
Олар маймылдан өзге шошқа еті мен өсімдікті тағам ретінде тұтынады. “Бүгінде олар қала мәдениетімен бетпе-бет кездескелі тұр. Олар өмір сүріп жатқан аймақтағы Ұлттық саябақ пен Yasuni биосферасына айтарлықтай өзгеріс енгізілген-ді. Олар тіпті мәдениеттің не екенін білмейтін сыңайлы. Маймыл аулап, артынша соның етін пісіріп жейді”, – дейді фотограф.
Huaorani тайпасының атауы деректерде “Waorani”, “Waos” деп берілген. Олардың тілі ешбір тілге ұқсамайды. Тіпті, оларды жергілікті эквадорлықтар да түсінбейді.
“Дәл осындай ерекше қасиетке ие адамдармен уақыт өткізіп жатқаным үшін шексіз қуаныштымын. Шетелдік тайпаның арасында өзімді “шетелдік” сезінемін”, – дейді Оксфорд мырза.
Жіберіп алмаңыз:
Балаларын құл қылып, дәретханадан су ішкізген өгей ана 2 жылға сотталды
АҚШ-та әйел суреттен марқұм қызының елесін көріп қалған (фото)
Шашылып жатқан бөлмеде селфи жасаған бойжеткен елдің сынына қалды (фото)