Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларын құл қылып, дәретханадан су ішкізген өгей ана 2 жылға сотталды

Сот балаларға күн көрсетпеген өгей ананы екі жылға соттады. Әйел дәл қазір 65 жаста. Ол өзінің екі өгей қызын тамақ бермей аш қалдырған. Мұның орнына дәретханадан су ішкізген. Дәл осы жағдай 16 жылға ұласқан.

3C4556CA00000578-4135494-image-m-12_1484819019445

Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.

65 жастағы әйел қыздардың бірін жуынатын бөлмеге кіргізбей қойған. Әлгі қыз осылайша алты апта бойы жуынбай жүрген. Қыздар 1975 жылдан бастап, 1991 жылға дейін қорлық көрсе де, сотқа тек 2015 жылы шағым түсірген. Ал қыздардың туған анасы 1973 жылы қайтыс болып кеткен.

“Бұл әйел тамақты шкафқа тығып қоятын болған. Осының салдарынан қыздар аш жүрген. Тамақты алған жағдайда жазаланатын болған екен. Арасында тек мектепте тамақтанып жүрген”, – дейді Стэбльз мырза.

Қыздардың бірі дәретханадан су ішуге мәжбүр болғанын айтты. Себебі, өгей шешелері оларға асүйден су алуға тыйым салыпты. Тіпті жуынатын бөлмеге кіруге де тыйым салған екен. Осының салдарынан қыздар алты апта бойы жуынбай жүрген.

Қыздарды қорлаған әйелге үш бап бойынша айып тағылды. “Балалар осы уақыт ішінде тозақта өмір сүргендей күй кешкен. Оларды сөзбен де, жұдырықпен де қорлаған. Олар әке-шешелерінің жоқтығының салдарынан аш жүрген”, – дейді қыздардың қорғаушысы.


Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та әйел суреттен марқұм қызының елесін көріп қалған (фото)

Шашылып жатқан бөлмеде селфи жасаған бойжеткен елдің сынына қалды (фото)

Шетелдік ғалым Марстан түкті маймыл-өрмекшіні байқап қалған

Ғарышта сулы шүберекті сыққанда қандай өзгеріс болатынын көріңіз (видео)

Талқылау