Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та әйел суреттен марқұм қызының елесін көріп қалған (фото)

АҚШ-та әйел ұлының Snapchat арқылы түсірген селфиінен марқұм қызының елесін көргенін айтып жатыр.

3C324D0A00000578-4127802-image-a-61_1484654658662

Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.

44 жастағы Патрисия Винчестер 13 жастағы ұлы түсірген суреттен қызының елесін байқап қалған. Ал ұлы Хантер Бундс әлгі суретті досына жібермек болған екен. Жасөспірімге суретте ерекше бейненің тұрғанын оның досы айтқан.

3C324B1A00000578-4127802-image-a-59_1484654650270

Винчестер әлгі бейненің қызының елесі екеніне сенімді. Қызы 2006 жылы жүк көлігі қағып қайтыс болған-ды.

3C324D0E00000578-4127802-image-m-78_1484654796009

“Менде Адрианнаның осы көйлекті киіп жүрген суреттері бар. Ұлым түсірген суреттен сол көйлекті көргендей болдым. Үнемі қызымның әлдеқандай белгі беріп жүретінін сезетін едім. Мен оның Адрианна екенін жақсы білемін. Оның жағдайы жақсы сияқты”, – дейді Винчестер.

3C324D3600000578-4127802-image-a-72_1484654746255

Суреттегі елесті көрген Хантер өз бөлмесінде жалғыз ұйықтаудан бас тартқан. Алайда 44 жастағы әйел қызының отбасы мүшелерін қорғау үшін келгенін айтады. Мұнымен қатар, осыған ұқсас жағдайлар да болған екен.

3C324D4E00000578-4127802-image-a-74_1484654755367

“Хантер маған сурет жіберді. Оның жазуына қарап, қатты қобалжып тұрғанын байқадым. Ол маған “Анашым, жағымсыз сөз айтып тұрғаным үшін кешірім сұраймын. Бірақ мына суретте тылсым бірнәрсе бар секілді” деп жазды. Осы уақытта ол бөлмесінде жалғыз отырған екен. Бұдан өзге бөлменің ішінде әлдекімнің жүретінін сезгенін айтты. Адрианна үйдің маңында жүріп қайтыс болды. Үйдегі итіміз де оны қатты жоқтады. Қызымның әруағы 2013 жылы әкем жатқан ауруханаға да барған екен. Бір кездері оның үстел үстінде тұрған суреті қайта-қайта жерге құлап кете беретін еді”, – дейді Винчестер.

3C324BDB00000578-4127802-image-a-66_1484654701796

Әйел өзі ұсынып отырған сурет арқылы елестерді зерттеуге белгілі бір үлесін қосатынына сенімді.


Жіберіп алмаңыз:

Шашылып жатқан бөлмеде селфи жасаған бойжеткен елдің сынына қалды (фото)

Шетелдік ғалым Марстан түкті маймыл-өрмекшіні байқап қалған

Ғарышта сулы шүберекті сыққанда қандай өзгеріс болатынын көріңіз (видео)

Белорусcиялық жігіт кілеммен күресіп интернетте хитке айналды (видео)

Талқылау