Шерзат Полаттың өлімі бойынша сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі
10 сәуір сағат 12:00-де Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: тікелей эфир
Шерзат Полаттың өлімі бойынша сот отырысы Талдықорғанда өтіп жатыр. Сот отырысына қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, судья бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдады.
Онлайн трансляцияны Жоғарғы Соттың YouTube-каналында мына сілтеме бойынша көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=OSbxDOirh6E
Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Алайда үйді өртеген күдіктілер әлі күнге табылған жоқ.
Бүгін Шерзат Полаттың ісі бойынша 9 сотталушы сот залына әкелінгені айтылды.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)