Маймылдар бейнекамера ұрлап, достарымен селфи жасады (фото)
АҚШ-та камера ұрлаған маймылдар достарымен бірнеше селфиге түсіп үлгерген. Оқиға Мануэль Антонио ұлттық паркінде болған.
Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасай отырып 24.kz телеарнасы хабарлады.
18 жастағы Коул Вебер жасырын камера арқылы маймылдарды түсіріп алмақ болған. Сол себепті ол GoPro бейнекамерасын ағашқа орнатып кеткен.
Калифорния тұрғыны капуцин тұқымдас маймылдардың бірі гаджетке жақындап, оны өзімен бірге алып кетерін күтпеген. Вебердің айтуынша, олар камераны тістеген. Бұл әрекеттерінен дым шықпағасын шаршап, гаджетті лақтырып кете берген. Ал екінші маймыл GoPro-ны қағып алып, біраз шұқылаған. Алайда ол да гаджетке деген қызығушылығын жоғалтқан. Америкалықтың телефоны камераға қосулы болғандықтан, бұл жағдайды тікелей эфир арқылы көріп отырыпты.
Талқылау

"Металлургияға 50 балмен түсуге болады": Биыл қазақстандық талапкерлер қанша балмен грант иесі атанды
2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грантын 77 мыңнан астам талапкер жеңіп алған еді

Джей Ло концертінде жұмыс істеген кәмелетке толмаған волонтерлер ұйымдастырушыларға шағымданды
Кей ата-аналар мұндай жағдайдың бұрын да болғанын айтты