Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майкл Джексонның образын салған Жарқынай Ханайымды ел танымай қалды

Әрітске жеті өнер де аз! Әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым әлемге әйгілі "поп-музыка патшасы" Майкл Джексонның образын қайталады. Көпшілік суреттегі жанның Жарқынай екеніне сенбей таңғалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарқынай Джексонның образымен қоса, танымал биін қайталауға тырысты. Сондай-ақ оның артынан қалдырған қанатты сөздерін көпшілікке ұсынды: 

"Америкалық әнші Майкл Джексонның қанатты сөздері: Егер сен өзіңе сенімсіз болсаң, онда саған кім сенеді? Ерекше талант иесі болуың мүмкін, алайда дайындалмасаң, жаттықпасаң, бәрі желге кетеді", – деп жазды ол.

Көпшілік Джексоннан айнымай қалған Жарқынайдың образына таңғалды. 



"Жарқынай Джексон", "Бұл қыз бомба ғой", "Қалай ұқсайсың", "Керемет", "Уау", "Ұқсайды екенсіз", - деп жазды желі қолданушылары. 

 


 

Талқылау