Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Табытта жатқан мәйіт «тыныс алып», қайта өлген

Перудегі Тинго-Мария қаласында 24 жастағы Мандухано Доротеомен қоштасу рәсімі кезінде туыстары «мәйіттің» дем алып жатқанын байқаған.

Бұл туралы  Los Andes басылымы хабарлайды.

Туыстары бірден дәрігер шақырған. Жерлеу рәсіміне келіп жеткен дәрігер де ер адамның тірі екенін растаған. «Мәйітті» шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаға жеткізгенімен, ондағы дәрігерлер ер адамның өлгенін белгілеген.

Дәрігерлер түсіндіргендей, марқұмның кеуде қуысының қимылдауы бұлшықеттің рефлекстік жиырылуымен байланысты болуы мүмкін.

2001 жылы 21 мамырда Бразилиядағы Сан-Паулу қаласында 70 жастағы марқұм жаназа шығарылып жатқан кезде тіріліп, артынан қайта өлген. Ол рәсім кезінде табытқа жақын тұрған досының қолынан шап берген. «Марқұмның» туыстары жедел жәрдем шақырған. Алайда ер адам өлі ретінде тіркелгендіктен, жақын маңдағы ауруханалардың бірі катафалк жіберген. Нәтижесінде Сан-Паулу тұрғыны ауруханаға жетер жолда көз жұмған. Мұнан кейін марқұмның жаназасын қайта шығарып, жерлеген.

Жіберіп алмаңыз:

Еуропада қақталған қырықаяқ пен қуырылған бүйіні жеуге рұқсат етілмек

Эйнштейннің бақыт рецепті 1,5 млн долларға сатылды

Бойжеткен аяқ киімді бастапқыдай аппақ етіп тазартудың әдісін айтты

Аяқ киімді тазалаудың оңай әдісі

Талқылау