Майғазиевтің жары: Сәкенге жас қыздар қарайды, мен үйден оны соған лайықты баптап шығарып саламын (фото)
Жүрегімнің ішіндегі жүрегім: Сәкен Майғазиев жаңа клипін қиын кездерде қолдау көрсеткен жұбайына арнады.
Жүрегімнің ішіндегі жүрегім! Жақында ғана дәл осы әнге бейнебаян таспалаған Сәкен Майғазиев кезекті клипін жұбайына арнағанын айтады. Тіпті тың туындыда жары Динара да бой көрсетеді.
Қос ғашықтың өмірін суреттейтін тректің сөзін Жарас Сәрсек өрнектесе, сазын Айүл Бажанова жазған. Ал, Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген жарасымды жұптан жаңа клиптің сюжеті жайлы сұраған едік.
«Алдыңғы аға толқынды бейнебаянымызға қостық және сол әдемі үрдіс, ұрпақтар сабақтастығы бізбен жалғасады. Бізбен тоқтап қалмасын, ары қарай осы махаббат жалғассын деген ниетпен, бізден кейін тағы бір әлі қосылмаған жарасымды жас жұпты клипке түсірдік», – дейді Сәкен жаңа клип жайлы.
Сәкен, бұл бейнебаян арқылы жұбайына деген алғысының шексіз екенін жеткізгісі келген. Өйткені, өнер иесін әрдайым қолдауда Динара ханым қол қусырып қалмайтынын айтады.
«Сәкен, саған қаншама жас қыздар қарайды, қаншама сұлулар қарайды. Сол кезде сен «лайықты» болып тұру керексің деп керісінше баптап, қанаттандырып үйден шығарып саламын»,- дейді Сәкеннің жұбайы Динара.
Сондай-ақ, 20 жыл бойы бір шаңырақ астында ғұмыр кешкен үлгілі отбасы осы уақытқа дейін түрлі қиындықтарды да бастан кешкендерін айтады.
«Екеуімізде студент болдық. Дүңгіршекте жұмыс істеп, нан сатып, нәпақамызды таптық. Кірпіш зауытында жұмыс жасауыма тура келді. Күзетшілік жұмысқа да кеттім. Ең бастысы аяғымды аспанға көтеріп, көрінгенді сынап жатқан жоқпын» – дейді өткен күндерін есіне алған Сәкен Майғазиев.
Ал, жарасымды жұптың «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» атты жаңа бейнебаяны жақын күндері қалың көпшілікке ұсыналатын болады.
Оқи отырыңыз:
Павлодарда 41 жастаға ер азамат 6 жасар баламен ерегесіп, оны жерге алып ұрған
Балқаштағы әуе апатынан аман қалған жолаушы оқиға туралы айтып берді
Ақтауда 11 жасар оқушы қыз баланы педофилден құтқарып қалды
Бас мүфти: Қаржылық мүмкіндігі жоқ адамға құрбан шалу міндет емес