Майғазиев әйелін ең қымбат 30-қабаттағы мейрамханаға апарып тосын сый жасады
Сәкен Майғазиев әлеуметтік желі арқылы отбасының суреттерін жиі бөлісетін жұлдыздардың қатарынан. Әнші осылайша жастарға үлгі болғысы келетінін айтады. Күні кеше әнші әйелі Динарамен отасқандарына 20 жыл толғанын айтып, өмір жолында өзіне демеу болғаны үшін ерекше алғыс білдірген болатын.
Сурет: Сәкен Майғазиевтің жеке парақшасынан
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Мейірімділердің мейірімдісі Алла тағаланың қалауымен, Құдай қосқан қосағыммен шаңырақ көтеріп, некемізді қиып, өмірдің ащы-тұщысын, қиындық-қуанышын, ақ-қарасын бір көріп келе жатқанымызға, міне, бүгін, 27-шілде тұп-тура 20 жыл болыпты. Ұрпаққа үлгі бола білген, шариғаттың шеңберінен шықпаған қаншама саңлақтарымыздың салған сара жолымен, тектілердің тура жолымен жүре білген жарасымды жұптардың ақ жолын бізге де, сіздерге де, келер ұрпаққа да нәсіп еткей. Бізге не тілесеңіздер Алла тағала сіздерге сол тілектеріңізді еселеп бергей. Құшақтадым! Алла – ұлық!” – дейді Сәкен Майғазиев.
Әнші отасқандарына 20 жыл толған мерей тойын оңашадағы романтикалық кешкі аспен атап өтуді жөн көріпті. Ол әйелін Алматының ең қымбат мейрамханасына алып барған. “30 қабаттан Алматы алақандағыдай көрінеді екен” дейді әнші. Ал желі қолданушылары өз кезектерінде қос ғашықтың қуанышын бөлісуге асықты.
“Құтты болсын! Баянды, бақытты жанұя болыңыздар!”, “Бақытты бол, айналайын. Әрдайым жолың ақ болсын. Тәп-тәтті балапандарың аман болсын. Алла тағала тіл көзден сақтасын. Жүздеріңізден әрдайым қуаныш төгілсін”, “Махаббаттарыңыз мәңгілік болсын!”, “Сәкен ағам, жарайсыз! Алла жанұяларыңызға береке берсін”, “Қатты ұқсайды екенсіздер! Мәңгілік бірге болыңыздар”, “Осылай жұбайларын көрсетуге қорқатындарға таңым бар. Жұбайларын халық екі есе жақсы көреді. Қандай керемет! Бақытты болыңыздар!” деп жазады желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Карина Абдуллина: Болатты құлай сүйгенімді ол қайтыс болған соң бірақ түсіндім
Тыр жалаңаш билеген Баян Нұрмышеваның ұлы желідегілерді күлдірді (видео)
Анасы: Қайрат адам тірі қалуы мүмкін емес жол апаттарынан аман шықты
Ернардың клипі 3 күнде миллион рет қаралып, Еркенің рекордын бұзды (видео)