Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

MateBook D 14 және MateBook D 15 ноутбуктар сериясы: HUAWEI компаниясы Қазақстанда алғаш рет 7-нм AMD процессоры негізіндегі ноутбуктарды ұсынады

HUAWEI компаниясы Қазақстанда алғаш рет 7-нм AMD процессоры негізіндегі мықты MateBook D 14 және MateBook D 15 ноутбуктарының сериясын ұсынады.

хуавей

Ноутбуктар жиегі жіңішке экранымен, алюминий корпусымен, ұзақ уақыт бойы автономды жұмыс істеу қабілетімен, ықшамдылығымен және жеке деректерді қорғау үшін кіріктірілген арнайы функциясымен ерекшеленеді.

Жаңартылған сипаттамалары

HUAWEI MateBook D 14 және MateBook D 15 жылдам әрекет етіп, бірден бірнеше міндет атқару режимінде де жоғары өнімділікпен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін алты ядросы мен алты ағыны бар AMD Zen 2 құрылымын қолданатын 12-нанометрлі AMD Ryzen™ 5 3500U процессоры негізінде құрылған. Кіріктірілген AMD Radeon™ Vega 8 Graphics бейнекартасы кескінді  өңдеуге арналған кең ауқымды функциялары арқасында түрлі қолданбалармен, оның ішінде бейнеойындармен жұмыс істеуге кепілдік береді. Көлемі 8 ГБ тең DDR4 екі арналы оперативті жадысы жоғары жылдамдықпен оқуды және жазуды қамтамасыз етеді. MateBook D 14 және MateBook D 15 жиынтығы ішінде сыйымдылығы 512 ГБ тең, PCIe интерфейсті қатты денелі жинақтауыш бар, бұл операциялық жүйенің жылдам жүктелуіне себеп болады. Қалақшалары жиірек орналасқан HUAWEI Shark Fin 2.0 салқындату жүйесі ауа ағынын қалыптастырып, ұзақ уақыт жұмыс істегенде жылуды шығарып, негізгі құрамдас бөлшектердің тұрақты температурасын қамтамасыз етеді. Желдеткіштердің қалақшаларының пішіні шуылды мейлінше басу үшін оңтайландырылған. 

Көзді қорғау функциясы бар экрандар

FHD IPS экранымен жабдықталған анағұрлым ықшам 14-дюймдік үлгі жиегінің ені 4,8 мм құрайды, ал экранының пайдалы ауданы 84% тең. Көлемі 322,5×214,8×15,9 мм болатын HUAWEI MateBook D 14 — өз бағасы санатындағы ең ықшам ноутбуктардың бірі.

MateBook D 15 қабырғаларының арақатынасы 16:9 болатын, ал ажыратымдылығы 1920×1080 пиксельге тең 15,6 дюймдік IPS экранмен жабдықталған. Экранның жоғарғы және бүйірлік жиектерінің ені 5,3 мм тең, осының арқасында экран құрылғы бетінің 87% құрайды. Ноутбуктың қалыңдығы шамамен 16,9 мм және салмағы небары 1.53 кг.

Қуат көзі түймесіне кіріктіріліп орнатылған саусақ ізінің сканері мен пернетақтада жасырынған камера пайдаланушылардың жеке деректерін қорғаумен қатар, корпустағы орынды үнемдеп, ноутбуктарды ықшам әрі ыңғайлы ете түседі. Кең шолу бұрышы, экранның жоғары ажыратымдылығы және TÜV Rheinland компаниясы сертификаттаған көзді қорғау функциясы фильмдерді көру кезінде, ойын ойнағанда және ұзақ уақыт веб-серфинг жасағанда визуалды жайлылықты қамтамасыз етеді. 

Мықты және сенімді

MateBook D 14 және MateBook D 15 ноутбуктары «ғарыш» секілді сұр түсті алюминий қорытпасынан жасалған, беткейінің металл текстурасы тегіс, механикалық өңдеуден өткен. Нарыққа шығар алдында екі үлгінің де сапасы көп тармақты тестілеуден өткізілді, яғни құрылғыларды жеке, сондай-ақ жұмыс бабымен қолданғанда олар ұзақ қызмет ететін болады.

Ресурс сыйымдылығын қажет ететін міндеттер үшін жоғары өнімділік режимі қарастырылған, бұл режим «Fn + P» пернелерін басқанда іске қосылып, есептеу қуатын арттыра түседі. Порттарының көп болуы ноутбукқа бір уақытта пернетақта мен тінтуірден бастап, сыртқы қатқыл дисктерге дейін бірнеше шеткері құрылғыны қосуға мүмкіндік береді. 

MateBook D 14 ноутбугының 56 Вт×с мықты батареясы ажыратымдылығы 1080Р бейнежазбаны көру режимінде немесе қолданбалармен жұмыс істеу режимінде 9,5 сағатқа дейін автономды жұмысты қамтамасыз етуге қабілетті. HUAWEI MateBook D сериясының ноутбуктары жиынтығында қуаттылығы 65 Вт тең, кабелі алмалы-салмалы USB-C қуаттау құрылғыларымен бірге жүреді. Бұл құрылғылардың көмегімен ноутбуктан басқа USB-C жалғағышы бар смартфондар мен планшеттерді қуаттауға болады, ал HUAWEI SuperCharge технологиясын қолданатын құрылғыларды жылдам қуаттай алады.

Құрылғылардың өзара әрекеттесуі 

HUAWEI MateBook D 14 және D 15 ноутбуктары Windows және Android платформалары арасындағы кедергіні жойып,  бір-біріне файлдар жіберу және қолданбаларды бірге қолдану үшін HUAWEI смартфоны мен ноутбугын бір-біріне оңай және жылдам қосуға мүмкіндік беретін HUAWEI Share фирмалық функциясымен жабдықталды. HUAWEI Share көмегімен екі құрылғыны бір экранда басқаруға болады, файлдарды смарфтоннан ноутбукқа және керісінше ноутбуктан смарфтонға оңай ауыстыруға, ЖК тінтуірі мен пернетақтасын смарфтондағы меню мен файлдарды басқару үшін қолдануға және мобильді қолданбаларды ноутбуктың экранынан қосу және керісінше әрекеттер жасау үшін қолдануға болады. 

Бағасы мен қолжетімділігі

Жаңа құрылғыларға 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап алдын ала тапсырыс беруге болады. 15 қаңтардан бастап HUAWEI MateBook D 14 және MateBook D 15 ноутбуктары барлық ірі электронды техника дүкендерінде сатылымға шығады, MateBook D 14  ұсынылатын бөлшек сауда бағасы 319 990 теңге және MateBook D 15 ұсынылатын бөлшек сауда бағасы 349 990 теңге. 

STAN.KZ
Жұма, 25 Желтоқсан, 2020 10:00
Талқылау