Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Матч кезінде қайғылы оқиға орын алды: Бас бапкер көз жұмды

Фото:”Раднички” фк

Сербия Суперлигасының 14-туры қайғылы жағдаймен аяқталды.

“Раднички Крагуевац” — “Младост Лучани” арасындағы матч алаң иелерінің бас бапкері Младен Жижович ойын кезінде қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға алғашқы таймның 22-минутында орын алған. 44 жастағы маман өзін жайсыз сезініп, қосалқы құрам отыратын орындықтығ жанында есінен танып қалған. Матч бірден тоқтатылып, дәрігерлер алғашқы көмек көрсеткен. Алайда бапкер ауруханаға жеткізілгеннен кейін көп ұзамай көз жұмғаны белгілі болды.

Матч біраз уақыттан соң қайта жалғасқанымен, 20 минут өтпей-ақ төреші ойынды толық тоқтатуға мәжбүр болды.

Қазір маманның өліміне нақты не себеп болғаны анықталып жатыр. Сербия футбол одағы Младен Жижовичтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Айта кетейік, Младен Жижович 1980 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келген. Ол футболшы ретінде Босния, Албания және Сербия клубтарында, сондай-ақ Босния және Герцеговина құрамасында өнер көрсеткен.
“Раднички Крагуевац” тізгінін Жижович 2024 жылдың 23 қазанында ұстаған еді. Бұл матч — оның Суперлигадағы бас бапкер ретіндегі небәрі үшінші ойыны болған.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 04 Қараша, 2025 11:45
Талқылау