Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік азамат "Кальмар ойыны" телехикаясындағы плагиат үшін Netflix-ті сотқа бермек

Фото: instagram.com/squidgamenetflix

Netflix түсірген "Кальмар ойыны" телехикаясының үшінші маусымында авторлық құқықты бұзу дерегі анықталған. "Газета.Ru" басылымының жазуынша, Consigliere PR-агенттігінің бас директоры Дмитрий Скрипниченко сотқа шағымдануға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәскеу тұрғыны Дмитрий Скрипниченко заңгерлер тобымен бірге стримингтік сервиске қарсы сотқа және Роскомнадзорға шағым түсірмек. Ол телехикаяның жаңа маусымындағы музыкалық үзіндіден 1973 жылы шыққан кеңестік "Көктемнің он жеті сәті" фильміндегі Микаэл Таривердиевтің танымал композициясы арасында айқын ұқсастық барын байқаған.

PR-агенттік директорының айтуынша, қазір заңгерлер телехикаядағы эпизодты талдап, арыз беру үшін құжаттар дайындап жатыр.

"Кальмар ойыны" телехикаясының үшінші маусымын қосқанда, бәрімізге белгілі кеңестік "Көктемнің он жеті сәті" фильміндегі әуеннің өңделген нұсқасын естисің. Маған композицияны заңсыз пайдаланған сияқты, оны ешкім байқамайды", – дейді Скрипниченко.

Оның айтуынша, ол авторлық құқықты қорғауға жауапты халықаралық ұйымдарға да жүгіну мүмкіндігін қарастырып жатыр. Netflix компаниясына шағым жақын арада жолданбақ.

Аида Тақабаева
Жұма, 04 Шілде, 2025 10:43
Талқылау