Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде сұрапыл дауыл соғып, салдарынан кішкентай қыз қайтыс болды (видео)

Мәскеуде сұрапыл дауыл кезінде зардап шеккен қыз ауруханада қайтыс болды. Оның жағдай өте ауыр болғандықтан, дәрігерлер өміріне араша түсе алмады, деп хабарлайды Stan.kz.

Мәскеуде сұрапыл дауыл соғып, салдарынан кішкентай қыз қайтыс болды

Сурет: unn.com.ua

Бұл туралы 21 сәуір күні қала әкімі Сергей Собянин Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

Қала әкімінің айтуынша, дауыл кезінде жарақаттанғандар саны 12 адамға жеткен.

«Тұрғындарға ескертемін! Кешкі сағат 20:00-ден 22:00-ге дейінгі уақытта тағы да жел күшеюі мүмкін. Абай болыңыздар! Балаларды үйден шығармаңыздар», – деп жазды Собянин.

Айта кетсек, 21 сәуірде Мәскеуде сұрапыл дауыл соқты. Салдарынан Мәскеуде және Мәскеу маңында жүздеген ағаштар құлап қалды. Қалалық қызметтер дауыл салдарын жөндеуге тырысып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Күнде қарт анасын арқалап жүретін қырғыз қызы жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Жағажайларда күнге күюден қорғайтын иісмайларға тыйым салынатын болады

Үндістанда 12 жасқа дейінгі қыздарды зорлағандарға өлім жазасы тағайындалды

Талқылау