Мәскеу түбіндегі террорлық шабуылдан көз жұмғандар саны 139 адамға жетті
Крокустағы теракт құрбандарының саны 139 адамға дейін жетті. Оқтан жараланып қаза болғандар саны – 40 адам болса, 45 тұрғын өрттен көз жұмған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай қорқынышты деректі Ресейдің тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин Владимир Путинге баяндады. Сонымен қатар ол Крокустың өртке қарсы жүйесінің құрамы зерттеліп жатқанын, сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.
Бастрыкиннің сөзінше, лаңкестерді ұстаған кезде екі АК-74, 500-ден астам оқ, 28 оқжатар мен жанармайдың қалдығы құйылған бөтелке табылған.
Еске ала кетейік, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Террористер ғимаратта 18 минут болған.
Қылмысқа күдіктілер дереу қолға түсірілген. Әлеуметтік желілерде олардан жауап алу сәті бейнеленген видео тарады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"