Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұмдық жағдай: Әуежайда ер адам 2 жасар баланы еденге лақтырып жіберген

Фото: Видеодан скрин

Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрлардан Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ер адамның баланың жанына жақындап, көтеріп алып, айналдырып жерге лақтырғанын көруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 24 маусым күні болған. Бейнебақылау кадрларында баланың чемоданның жанында өзімен өзі ойнап тұрғаны көрінеді. Жанында ақ футболка мен шорты киген ұзын бойлы ер адам әр жаққа қарап тұр. Бір сәтте ол кенеттен еңкейіп, чемоданды алғалы тұрғандай кейіп танытады да, баланы шап беріп ұстап, бар күшімен жерге ұрады.

Мәскеу маңындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ксения Мишонованың айтуынша, шабуыл жасаған ер адам есірткіге мас күйінде болған. Балақайдың миы зақымданған. Бала қазір Л.М. Рошаль атындағы балалар клиникалық орталығында жатыр. Уәкілдің айтуынша, ол баланың әкесімен сөйлескен. Отбасында тағы бір бала бар, ал анасы жүкті. Олар Мәскеуде тұрады.

Екі жасар баланы әуежайда жерге лақтырған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кей ақпаратқа сәйкес шабуыл жасаған адам 31 жастағы Беларусь азаматы. Оны көлік полициясы дереу ұстап, тергеу басталды. Тергеушілер оған қарсы Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 30-бабы 3-бөлігі және 105-баптың 2-бөлігінің "в", "и" тармақтары бойынша (Адам өлтіруге оқталу) тергеу бастады. Оған ең жоғары жаза қолданылып, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Алматыда үш жасар бала 9-қабаттан құлап көз жұмды


Ақтөбеде жолға шығып кеткен үш жасар қыздың ата-анасы жазаланды


Еске салайық, бұған дейін Астанадағы ойын алаңында ер адам інісіне араша түскен жасөспірімді қан жоса қылып ұрып тастағанын жазған едік. Оқиға 19 маусым күні сағат 20:30 шамасында ZUZU балалар алаңында болған. Бейнебақылау камерасынан алынған видеоға сәйкес, дау екі бүлдіршіннің арасындағы келіспеушіліктен басталған. Осы кезде кикілжіңге балалардың бірінің 18 жастағы ағасы араласып, екінші баланы сәл ығыстырып, төбелесуге болмайтынын ескерткен.

 

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 25 Маусым, 2025 12:23
Талқылау