Ұят топтамасы: Отандық сәнгер Нәйіл Байкүшіковтің ашық-шашық көйлектері көпшіліктің қызу талқысына түсті (видео)
Бүгін Астанадағы Monaco қонақ үйінде сән көрсетілімі өтті. Аталған кештегі отандық сәнгер Нәйіл Бәйкүшіковтің жаңа топтамасының көйлектері желі қолданушыларының жағасын ұстатты, деп хабарлайды Stan.kz.
Астанадағы Monaco қонақ үйінде өткен сән көрсетілімінде отандық сәнгерлер Аида Кауменова, Нәйіл Байкүшіков, Динара Сәтжан және Әсем Алтынбекованың «Бибісара» сән үйінің топтамалары көрсетілді.
Аталған кеште Нәйіл Байкүшіковтің топтамасындағы көйлектер ерекшеленгені анық. Себебі жұқа тор матаға тігілген моншақтар бойжеткендердің әурет жерлерін ғана жасырып тұр. Бұл көйлектерді Аида Кауменова Instagram парақшасында көрсетті.
«Найілдің ұят топтамасы», – деп жазды Кауменова.
Отандық сәнгердің ашық-шашық көйлектерін көрген желі қолданушылары ашуланып, жағымсыз пікірлерді қарша боратты.
«Масқара ғой», «Ұят нәрсе», «Ресейде көрсеткенде үндемеп едім. Енді елімізде Динара Сәтжанның әкесі алдыңғы қатарда отырғанда, тіпті ұят болды сол кісіден», «Мынау не сұмдық?», «Қазақтың менталитетін ұмытпайық», – деп сынады желі қолданушылары.
Оқи отырыңыз:
Ақтаулық пианист қыз Дубайда өткен фестивальде өнерімен жұртты қайран қалдырды
Қайрат Нұртас: 10 жыл бойы отбасымды жасыру маған оңай тиген жоқ
Екінші қызымен бірге түскен суретін көрсеткен Жұлдыз Әбдікәрімова жұртты күлдірді (фото)
Танымал сәнгер Аида Кауменованың екінші күйеуімен заңды некесін қиғаны белгілі болды (фото)