"Масканы иекке тағу вирустан қорғамайды": Есмағамбетова қазақстандықтарға кеңес берді
Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға масканы қалай дұрыс тағу керегін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Есмағамбетованың сөзінше, жабық мекемелерде маска тағу өте маңызды. Егер бұл ережелерді сақтамасақ, коронавирус жұқтыру қаупі жоғары болмақ дейді маман.
"Вирус біздің арамызда. Біз вирустың таралмауына жол бермеу үшін профилактика ережелерін сақтау керегін түсінуіміз қажет. Ол үшін кез келген адаммен байланыс жасаған кезде бір метр арақашықтықты сақтауымыз керек. Жабық мекемеде маска тағуымыз шарт", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Сонымен қатар, бас санитарлық дәрігер адамдар масканы тек иектеріне тағып алып жүреді, мұның ешқандай пайдасы болмайтынын ұмытпаңыз дейді.
"Біз масканың дұрыс тағылып жүрмегенін көріп отырмыз. Масканы иекке тағу сізді вирустан қорғамайды. Қажетсіз байланыстардан аулақ болыңыз. Бұл бізге ауру жұқтыру дерегін азайтып, күнделікті өмірге тезірек оралуға мүмкіндік береді", - деді Айжан Есмағамбетова.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
