Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәсімовтің үйіндегі қылыштар мен монеталар қайтадан саудаға шығарылды

Мәсімовтің үйіндегі қылыштар мен монеталар қайтадан саудаға шығарылды

Фото: Электрондық сауда алаңы

Кәрім Мәсімов үйінен алынған қылыштар мен монеталар қайтадан аукционға қойылды. Көрсетілген активтердің жалпы бастапқы бағасы – 3,5 млн теңге. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәсімовтің үйіндегі сән-салтанат бұйымдары қайтадан саудаға шығарылды. Бұл туралы электрондық сауда алаңының деректерінде көрсетілген.

Барлығы Мәсімов үйінен 11 лот саудаға қойылған. Олардың жалпы бастапқы құны – 3,5 млн теңге.

Сатылымға "Montegrappa Italia" жазуы бар қалам – 440 мың теңгеге және Viskonti Firenze маркалы сувенир қаламы – 402 мың теңгеге қойылды. Бұған дейін оларды 628 және 575 мың теңгеге сату мүмкін болмаған еді.

Мәсімовтің үйіндегі қылыштар мен монеталар қайтадан саудаға шығарылдыФото: Электрондық сауда алаңы

Сондай-ақ, 13 коллекциялық және сувенирлік монета сатуға шығарылды. Олардың бағасы 80 мыңнан 198 мың теңгеге дейін өзгереді.

Аукционға тағы да төмендегілер қойылды:

- ұлттық өрнегі бар былғары белдік – 183 мың теңге;

- қылыш – 930 мың теңге;

- болаттан жасалған қанжар – 185 мың теңге;

- сары металдан жасалған қылыш – 837 мың теңге;

- екі балта – 38 мың теңге.

Мәсімовтің үйіндегі қылыштар мен монеталар қайтадан саудаға шығарылды

Фото: Электрондық сауда алаңы

Аукцион 7 қазанда сағат 12:00-де өтеді.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұл бұйымдардың кімнен тәркіленгенін ашып айтқан жоқ. Алайда барлық заттар Кәрім Мәсімовке тиесілі үйдің мүлкі тізіміне кіреді.

Еске салсақ, Астанадағы Кәрім Мәсімовке тиесілі үй оқу-ағарту министрлігінің пайдалануына берілген еді. Тәркіленген тұрғын үй алғаш рет 2025 жылдың ақпан айында сатуға шығарылып, 1 883 338 958 теңгеге деп бағаланған еді. Алайда үй аукционның бірінші сатылымында өтпей қалды. 

Жылжымайтын мүлік екінші рет наурыз айында сатуға шығарылып, тағы да сатылмай қалды. Элиталық үй сәуір айында тағы да сатылымға шығарылып, құны 282 500 843 теңгеге ғана арзандап, бастапқы баға – 1 600 838 115 теңге болып бекітілгені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 30 Қыркүйек, 2025 20:14
Талқылау