Мәсімов қауіпсіздігі орташа мекемеге әлі күнге дейін ауыстырылмаған
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин режим жеңілдетілгеннен кейін қауіпсіздігі орташа мекемеге әлі күнге дейін ауыстырылмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТаг басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, айыпталушы (тергеуде) үкім заңды күшіне енгенге дейін аралас күзет мекемесінде ұсталады. Қазіргі уақытта Мәсімов, Садықұлов және Ерғожинды қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне әрі қарай жазасын өтеу үшін жіберу жүргізілген жоқ", - деп хабарлады комитеттің бірінші орынбасары.
Сауалға берілген жауапты министрліктің қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Сағат Мәдиев хабарлады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары жазасын орташа қауіпсіздікте өтеу бөлігіне ауыстырылғанын жазған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”