Маса бірінші болып қандай адамды шағатыны анықталды
Әрбіріміз танитын адамдардың ішінде маса бірінші болып соны шағатын танысымыз бары анық. Бірге отырған жерде масаның барын да бірінші болып сол адам сезеді. Себебі, масалар адамдарды таңдап отырып шағады екен. Медицина саласының оқымыстылары маса таңдап шағатын адамдардың тізімін жасап берді.
Маса біріншіден адам тыныс алған ауаға қарап оларды іздеп табады екен. Жүкті әйелдер тыныс алған кезде көмірқышқыл газын өзгелерден артық бөледі екен. Сондықтан маса адамдар арасындағы аяғы ауыр әйелді бірінші болып шағады.
Таза ауада терлеп жүгіргеннен кейін маса атаулы сізді шағуға құмар болады. Себебі маса сіздің денеңізден бөлінетін сүт қышқылына құмар.
Мамандар адам денесін қыздыра түсетін ішімдіктерден кейін, маса атаулының құрбанына айналарыңызды ескертеді.
Ғылыми зерттеудің нәтижесіне қарасақ масалардың 83 пайызы қаны I-ші топтағы адамдарды шағады екен. Қаны II-ші топтағы адамдарды масалар сирек шағады екен. Егер ғалымдар айтқан тізімде болсаңыз күн жылыда масадан қорғанып жүріңіз.
Тағы оқыңыз >>>
Талқылау