Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туыстары үстіне зәр шашылған полицейге қатысты сот үкімімен келіспей отыр

23 жастағы  полиция сержанты Төлеген Игібеков мас жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін бес жылға қамауға алынды.  Бұрынғы полиция қызметкерінің әйелі Мөлдір  Игібекова күйеуіне шығарылған сот үкімімен мүлде келіспейді. Сот шешімі шыққанша  Төлеген жұмысынан шеттетіліп, қаладан шықпау жөніндегі қолхат бойынша үйінде жүрген екен.

полицияяя

Бұл туралы Қарағанды жаңалықтары сайты жазған.

Игібековтің өзі де сот залынан абақтыға барамын деп еш ойламапты. Әйелінің сөзінше сот  барысында Төлеген өзінің ақталып шығарына сенімді болыпты.

«Бәріміз таң қалдық. Кешірім өтінемін абайсызда адам өлтіргендерге де мұндай үкім шығарылмайды. Бір шапалақ үшін, оның үстіне мас жүргізуші күйеуімнің қызметтік абыройына емес, адам ретіндегі  намысына тиген. Оның үстіне зәрін шашып,арандатқан. Орнында басқа бір ер адам болса оны бір шапалақпен қоймай, төбелеп тастар еді. Екі жасар ұлымыз бар. Қазір екінші перзентке жүктіліктің 9-шы айында отырмын. Қазір асыраушысыз қалдық. Әрине туыстарымыз көмектеседі. Бірақ, екі баланы асырау оңай емес қой»,-дейді Мөлдір Игібекова.

полицияяяяяя

Төлеген Игібеков қызмет бабымен жол бойында көлікті ішіп алып басқарған жүргізушіні тоқтатқан. Полицияның сөзіне бағынбаған жүргізушіні әріптесімен бірге қуып жетіп, тоқтатуға мәжбүр болған. Сол кезде жүргізуші көлікті іштен жауып, олармен тілдесуден, құжат көрсетуден бас тартқан. Игібеков сол кезде қосымша көмек күші ретінде әріптестерін шақыртады. Барлығы жабыла отырып жүргізушіні көлігінен түсіріп мас екенін анықтау мақсатында  наркодиспансерге ертіп барады.

Осы кезде жүргізушінің ішімдік қолданғаны анықталады. Сол кезде ол полиция қызметкерлерінен  өзін босатуды, өйтпеген жағдайда тәртіп сақшыларының өзіне қиындықтар тудыратынын ескертеді.

Медициналық сараптама қорытындысымен келіспеген жүргізуші зәріне сараптама жасауды талап еткен. Дәретханадан шығып кележатқан жүргізуші ыдыс толы зәрін Игібековтың үстіне шашып жібереді. Сол кезде полиция қызметкері шектен шыққан жүргізушіге шапалағын жұмсайды. Осы қылығы үшін сот оған «Қызметін асыра пайдаланды» деген айып тағып, бес жылға жалпы режимдегі абақтыда жазасын өтеуге үкім еткен.

Талқылау