Мас болған: БАӘ-дегі мейманханада қазақстандық туристер төбелес шығарды
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мейманханалардың бірінде қазақстандық туристер төбелес шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның БАӘ мен Дубайдағы бас елшілігіне сілтеме жасап.
Бас елшілік мәліметіне сәйкес, қазақстандық азаматтар мейманханалардың бірінде ішімдік ішіп отырып төбелесіп қалған. Салдарынан мейманхана қызметкерлері полиция шақырыпты. Полицейлер оқиғаға қатысты төбелес және алкогольді сусын ішу деректері бойынша екі хаттама толтырған.
«Артынша тараптар татуласқандықтан, бірінші іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Алайда екінші іске қатысты материалдар сотқа жіберілді», - делінеді хабарламада.
Нәтижесінде қазақстандықтарға қомақты көлемде айыппұл салыныпты.
Бас елшілік қазақстандық туристерді заңды сақтауға шақырып, БАӘ заңы бойынша ішімдік ішуге тыйым салынғанын ескеруге кеңес берді.
Талқылау

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
Жанель: "Сезіміміз бен сеніміміз сыналды"

"Президенттің ұзақ мерзімге отыруы қате": 14 жыл бойы ЕҰУ-ды басқарып келе жатқан Ерлан Сыдықов әлеуметтік желіде сынға қалды
Басылым жариялаған видеода журналистің ректордың соңынан қалмай, сұрақ қоюға тырысқанын байқауға болады