Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маржан Арапбаева жол апатына түсті

Маржан әнші Фото: https://www.instagram.com/arapbayevamarzhan/

Танымал әнші Маржан Арапбаева жол апатына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі болған жағдайды жеке парақшасында мәлімдеді.

“Бір құдай сақтады. Астанаға зорға жеттік. Трассада жол апатына ұшырап, аман қалып, бір Алланың қалауымен үйімізге аман-есен жеттік. Түнде жолда болған жағдай. Ол да бір сынақ немесе абайлап жүр деген бір белгі шығар. Өмірді ерекше бағалап қалдық. Аман қалғанымыз – бір тәңіріміздің қорғағаны. Сансыз шүкір”, – деп жазды өнер иесі. 



Айта кетейік жақында әншінің әріптесі Досымжан Таңатаров та жол апатынан аман қалған еді. 

“Алла сақтап қалды, жолда байқап жүріңіздер! Дөңгелек болтын жиі тексеріп жүріңіздер. Жаңарқалық Қуаныш, Абзал інілеріме Алла разы болсын, тез жөндеп жолға салып жіберді", – деді Досымжан Таңатаров. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 03 Шілде, 2025 15:16
Талқылау