Мароккода жер сілкінісінен қаза тапқандар саны үш мыңға жуықтады
Мароккодағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 2 862 адамға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Марокконың ішкі істер министрлігі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2862-ге жеткенін, кемінде 2562 адам жараланғанын, оның ішінде 1404-інің жағдайы ауыр екенін хабарлады. Қазір шетелдік күштердің қатысуымен құтқару жұмыстары жалғасуда.
Жер сілкінісінің негізгі ошағы жету қиын аудандарда болғандықтан, билік із-түзсіз жоғалғандар саны туралы есеп бермеді.
Құтқарушылар Атлас тауларында салынған дәстүрлі ағаш үйлер тірі қалғандарды табу мүмкіндігін азайтып жатқанын ескертті.
Билік күшті жер сілкінісінен кейін Марракештің жүздеген тұрғыны көшеде ұйықтауға мәжбүр болғанын атап өтті. Жер сілкінісі салдарынан көптеген адамдардың үйлері зақымданып, онда тұру қауіпті болды. Екі түн қатарынан баспанасыз қалған марокколықтар көшеде ұйықтауға мәжбүр болды.