Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұмның өзі кінәлі: Тұрсынбек Қабатов көлігімен адам қаққан оқиғаға қатысты шындықты айтты

Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі адам қақты деген ақпарат желіде жарияланды. Оқиғаның болғанына 1 жыл уақыт өткенімен БАҚ бетінде енді ғана жария болды. Оқиғаға қатысты Тұрсынбектің өзі пікір білдірді. 

Бұл туралы әзілкеш желідегі парақшасында жазды. 

"Кешелі бері Тұрсынбектің көлігі адам қағып өлтіріпті деген ақпарат көптеп жарияланып кетті. Мен өз шындығымды айтайын. Үндемей отыра алмайды екенмін. Бұған Алла куә. Мен апат кезінде оқиға орнында болған емеспін. Оқиға 2019 жылдың қазан айында болды. Көмекшім, музыкант жігіт көлігімді сұрады. Менің ойымда ешнәрсе жоқ, көлік кілтін бере салдым. Жігіттер жағы мені түсінеді. Оның жүргізуші куәлігі болған. Дәл сол сәтте куәліксіз айдағанын білген жоқпын", - деді әзілкеш. 

Айтуынша, жол апаты кезінде Тұрсынбектің өзі көлікте болмаған. Ал көлікті жүргізген жүргізушісі емес, көмекшісі екен. 

"Ол менің жүргізушім емес. Менде жүргізуші жоқ. Көлігімді өзім жүргіземін. Марқұмның өзі кінәлі екені айтылды. Жолға жүгіріп шыққан екен. Істе осылай айтылды. Марқұмның артынан артық сөйлемей-ақ қояйын. Тұрсынбек бәрін шешіп тастады дегендерге айтарым. Мен ешкімге хабарласқан жоқпын. "Бәрін өзің шеш, мен араласпайын" дедім көмекшіме. Көліктің менікі екені рас. Ол үшін өкініп, кешірім сұраймын", - деп жазды Қабатов. 

Айта кетейік, қазақстандық әртіс, сықақшы Тұрсынбек Қабатовтың басы дауға қалды. Оның атына тіркелген көлік Теміртау-Нұра-Нұр-Сұлтан тас жолында ер адамды соғып өлтірген. Марқұмның туыстары кінәлілердің әлі де жазаланбағанын айтып шағымданды.

Талқылау