Марқұмдардың өздері кінәлі: Ақтөбелік зауытта болған апатқа қатысты сот аяқталды
Ақтөбе хром өндірісі зауытында көз жұмған шахтерлердің ісі аяқталды. Сот цех басшысы мен екі шеберді ақтады. Апаттың орын алауына марқұмдардың өздері деп табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, оқиға былтыр мамырда болған еді. Жұмыскерлердің төртеуі ыстық буға күйіп, сол мезетте жан тапсырса, тағы бірі ауруханада көз жұмған. Оқиға бойынша цех басшысы мен шеберлерге қатысы сот басталған еді. Дегенмен судья олардың кінәсіз екенін анықтап, апатқа жауапты ретінде марқұмдардың өздерін тауыпты.
"Бисембин Тұрар Қожабергенұлы, Балтоғожин Рустам Тұрсынбекұлы, Мұханов Өтесін Жұмбайұлы кінәсіз деп табылды. Олар ҚК 156 бабы 4 бөлімі бойынша қозғалған істе толығымен ақталды", - деді Ақтөбенің №2 сотының судьясы Әлима Әділова.
Бұған қоса, кінәсіз деп табылғандар сотқа негізсіз тартылған деп танылып, тергеу жүргізіген органдарға қатысты шара қолданылатыны айтылды. Сондай-ақ, зауыттағылар моральдық өтемақы талап ете алады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн