Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұм болған жігіт өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кетті

Үндістанның Уттар-Прадеш штаты Лакхнау қаласында жас жігіт өзінің жерлеу кезінде кенеттен тіріліп кетті.

Марқұм болған жігіт өзінің жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті

Жігіт ауруханада қайтыс болды. 20-жастағы Фуркан Мохаммад апатқа ұшырағаннан кейін 21 маусым күні жеке ауруханаға жеткізілді. Дүйсенбі, 24 маусымда, дәрігерлер туыстарына оның көз жұмғанын айтып, мәйітін тапсырды. Қайғыдан қан жұтқан отбасы жерлеу рәсіміне дайындықты бастады.

Жерлеу рәсімі кезінде Фурканның денесін қабірге қоюға дайындалып жатқанда, туыстары оның қозғалғанын байқады. Мохаммадты басқа ауруханаға апарып, жасанды аппаратқа қосты. Дәрігерлердің айтуынша, ол ауыр жағдайда, бірақ оның миы "тірі".

"Оның импульсі, қан қысымы, рефлексия жұмысы бар", - деп сендірді дәрігерлер.

Фурканның інісі Мохаммад Ирфанның айтуынша, отбасы жеке ауруханаға 700 мың рупий төледі.

"Бірақ біз ақшаның таусылғанын айтқан соң, олар бауырымның көз жұмғанын айтты", - деді інісі.

Қаланың бас дәрігері Нарендр Агарвал бұл оқиғаның мұқият зерттелуіне уәде етті.

Талқылау