Президенттің көмекшісі мен кеңесшісі тағайындалды

Фото: Ақорда
Президенттің өкімімен Марат Әшім президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Сондай-ақ мемлекет басшысының жарлығымен Қуанышбек Есекеев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, — делінген хабарламада.
Ал бұған дейін президенттің кеңесшісі болған Руслан Желдібай енді көмекші қызметін атқарады. Сонымен қатар Желдібай мемлекет басшысының баспасөз хатшысы қызметін де қатар атқарады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген