Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марафонда дәретханаға тығылып чемпион атанған спортшы спорттан қуылды

АҚШ-тың Аризона штатында ультрамарафонды ұйымдастырушылар стайер Келли Эгнюді жеңімпаз атанғанына қарамастан жарыстан шеттеті. Бұл туралы  prosports.kz хабарлады.

Келли Эгню жарыс жолын жүгіріп өту барысында биоәжетханада тығылып, отырған. Ол жарыс жолын жүгіріп өтетін арнайы схема дайындаған. Әр айналымнан кейін бастапқы мәрені ғана жүгіріп отырып, кейін қайта биоәжетханаға тығылған.

Кейін, оның бұл әрекетін тіркеуші төреші көріп қойған.

Келли Эгню 2014/15 жылғы маусымда осы марафонның жеңімпазы атанған. Бұл жағдайдан кейін Эгнюдің нәтижесі жойылып, жеңіл атлет спорттан өмір бойына шеттетілді.

“Across the Year” марафонының ережесі бойынша спортшы белгілі бір уақытта барынша ұзақ қашықтықты жүгіріп өтуі тиіс. 24, 48, 72 сағат немесе алты күнде ең көп қашықтықты еңсерген адам жеңімпаз саналады.

Тағы оқыңыз:

Петропавлда жекпе жекте комаға түскен спортшы екі айдан бері ессіз күйде жатыр

Даяшының Головкин жайлы сұрағы атақты бапкердің жүйкесіне тиді

Головкин-Альварес жекпе-жегінде есептің тең болуына басты кінәлі адам анықталды

Мұхамеджан Тазабек: Головкин біздің балалардай емес, миллиондарды кешіп жүргеніне қарамай тым қарапайым екен

Талқылау