Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мансабындағы ең үлкен гонорар: Шавкат Рахмоновтың жеңісі үшін қанша қаражат алғаны белгілі болды

Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 296 турнирінде қазақстандық боксшы Шавкат Рахмоновтың (18-0) америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) жеңгені үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шавкат 296

MMA Salaries мәліметтері бойынша, бұл жекпе-жек үшін "Nomad" мансабындағы ең үлкен гонорарды – 306 мың доллар алған (150 мың жекпе-жекке қатысқаны үшін, 150 мың доллар – жеңіс үшін және тағы 6 демеушілік бонус бар). Бұл сома теңгеге шаққанда шамамен 141 млн теңгені құрайды.



Алайда оның қарсыласы көбірек табыс тапқан. Томпсонға берілген қаражат 416 мың долларды құраған (жұдырықтасуға шыққаны үшін 400 мың және демеушілер тарапынан ынталандыру үшін 16 мың доллар).

Еске сала кетейік, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов ММА-дағы мерзімінен бұрын 18-ші, UFC-дегі 6-шы жеңісіне қол жеткізді. Отандық боксшы Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта тұншықтыру әдісімен ұтқан.

Талқылау