Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда Ер Қосай батырдың ұрпақтары жағдайы төмен отбасыларға көмектесті

Аз қамтылған отбасыларға көмектесетін қайырымдылық шарасын “Амал мейрамы 2016” штабы ұйымдастыруда. 14 наурыздан басталатын Амал мейрамы немесе Көрісу мерекесі Қазақстанның батыс облыстарында Наурыз мейрамының басы болып есептеледі.

манг1

Бұл туралы tumba.kz сайты хабарлайды.

Осы жылы қайырымдылық шарасын негізінен Ер Қосай батырдың ұрпақтары қолға алып ұйымдастырып отыр. Олар Мұнайлы ауданында көмекке мұқтаж отбасыларға барып азық-түлік, маусымдық киімдер табыс етіп, бірнеше отбасыға қаржылай көмек те көрсетті. Акция толық емес және көп балалы отбасыларды қамтиды.

“Мұқтаж жандарға көмек көрсету – бұл адамдарға ерекше қуаныш сыйлаудың жолы. Көбінесе, мұндай отбасылар да ауыратын балалар кездеседі. Ал бала, сәби бақытын сезінуге әркімнің де құқы бар. Біз оларға кішкентай болса да қуаныш сыйлағымыз келді”, – дейді белсенділер.

 

манг  манг2

Талқылау