Маңғыстауда жол апатына түскен 10 жасар қыз екі аяғынан айырылды
Жаңаөзенге жақын жерде болған жол апатынан зардап шеккен балалар ауыр күйде, деп хабарлайды Қазақпарат.
Бұл туралы облыстық емхананың бас дәрігері Кәмшат Тұрсынбекова айтып берді.
«Жасанды тыныс алу аппаратымен 10 жасар қыз бен 6 жасар бала жатыр. Қыздың екі бірдей аяғы кесілді. Бас-ми жарақатын алған. Бала да бас сүйек ми жарақатын алған. Іші жарақаттанған», – дейді дәрігер Кәмшат Тұрсынбекова.
Бұған дейін Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты жайлы хабарланған еді.
«25 қараша күні сағат 14:20-да Маңғыстау облысы Өзен-Болашақ жол бөлігінде тепловоз бен «Газель» маркалы автокөлік соқығыс қалған. Өтпелі дабылдатпа құрылғысының жұмысында ақау болмаған. 60 км/сағ жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан тепловоз жүргізушісі жолдағы автокөлікті көріп, шұғыл тоқтауға тырысқан. Бірақ апаттан қашып құтылу мүмкін болмады», – деп мәлімденеді хабарламада.
Тағы да оқыңыз:
Әйелі Instagram желісіндегі бір ғана сурет арқылы күйеуінің көзіне шөп салғанын білді