Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда акушер жол бойындағы дәмханада жүкті әйелді босандырып алды

Маңғыстау облысында акушер Анар Кенжебекова жүкті әйелді жол бойындағы дәмханада босандырып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

20170611085655

2016 жылдың күз айында перинатарлық орталыққа Жаңаөзеннен Ақтау жүкті әйелдің жолға шыққаны туралы хабарлама түседі. Әйелдің мерзімінен бұрын толғағы қысқан. Уақытты жоғалтпай мақсатында Анар бастаған бір топ акушерлер тобы оларға қарсы жолға шығады.

Анар телефон арқылы жүкті әйелге қалай тыныс алуы керектігі, өзін қалай ұстауы кетектігі туралы түсіндіріп отырады.

Дәрігерлер жүкті әйелдің толғағы жиілеген соң оларды жол бойындағы дәмханалардың біріне тоқтауын сұрайды. Күн де салқын болғандықтан, баланың өміріне қауіп болуы мүмкін еді.

“Біз өзімізбен бірге босандыруға қажетті құралдардың бәрін алып шықтық. Дәмханаға жеткенде әйелдің босанар сәті таяған екен. Дереу дайындалып, 3 минуттан соң оны босандырып алдық. Қазір ананың да, баланың да жағдайы жақсы”, – дейді акушер.

Кейіннен ана мен бала перинатарлық орталыққа жеткізіліп, бірнеше күннен кейін үйіне шығарылды.
Тағы да оқыңыз:< Қыз бен жігіт жолаушылардың көзінше ұшақта секспен айналысты (видео)

Қарағанды облысында балалар паровозы бүлдіршінді басып кетті (видео)

13 жасар тараздық Бибісара тағы да шахмат әлемін бағындырды

Қарыз болған күнді 60 күн өтеу: Оразадағы кәффарат деген не?

Талқылау