Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда 8-сынып оқушысы 3 баланы өрттен құтқарды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Қалдығараев атындағы орта мектепте 8-сынып оқушысы Ғалымжан Күзембаевқа «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» атты медалі салтанатты жағдайда табыс етілді.

акву

Мектеп оқушысы өрт тұтанған үйде қалып қойған көршісінің балаларын аман алып қалған. «2016 жылдың 7 қарашасы күні жергілікті сағат 11-50 минуттар шамасында Бейнеу ауылындағы тұрғын үйде өрт орын алғандығы жөнінде хабар келіп түсті. Оқиға орнына Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің» №6 өрт сөндіру бөлімінің бригадасы аттанды. Өрт тұтанған кезде үй ішінде 2010, 2011, 2012 жылдары туған балалар қалып қойған. Олармен көрші тұратын оқушы, балалардың өртенген үйдің терезесінен шығуына көмектесіп, оларды аман алып қалды.

Оқиға орнына келген мамандар өрттің орын алуына жатын бөлмедегі үйде пайдаланылатын техникалық құрылғылардың себеп болғандығын анықтады»,-деп хабарлады Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Қожабекова. Ғалымжанға сондай-ақ құтқарушылардан алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етілді. «ҚР азаматына лайықты әрекет, ал, осы әрекетке басқа емес мектеп оқушысының баруы біздің елімізде патриотизмге бағытталған ұрандармен емес, өз ісін нақты әрекетімен көрсете алатын ұрпақтың өсіп келе жатқандығының белгісі. Ғалымжан – нағыз үлгі боларлық азамат!»,-деді Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев.

Осы күні Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Мектеп оқушысы» деген атаумен ұйымдастырылған суреттер байқауының жеңімпаздары да маратапатталды.


Жіберіп алмаңыз:

Тайвань полициясы нөмірі сәйкес келмеген 315 мың долларлық машинаны бөлшектеп тастады

Атыс кезінде жараланып, төсекке таңылған полицейге медаль берілді

Букмекерлік кеңседен ірі ұтысын ала алмаған алматылық жігіт Рамзан Қадыровтан көмек сұрады

Теміртауда ер адам 16 жастағы қызды қаңырап қалған ғимаратқа апарып зорлап тастаған

Талқылау