Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайвань полициясы нөмірі сәйкес келмеген 315 мың долларлық машинаны бөлшектеп тастады

Тайвань полициясы  дұрыс нөмірі болмағандықтан тәркіленген Lamborghini Murciélago суперкарын бөлшектеп, қиратып тастады.

кавуы

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

2013 жылы Тайвань жол полициясы Lamborghini автомобилін тексеру үшін тоқтатқан. Оған орнатылған нөмір өзге машинаға берілген болып шықты. Спорттық көлік тәркіленген. Оның иесі үш жыл бойы суперкарды қайтармаққа әрекеттенді, бірақ  одан түк шықпады.

Полиция қызметкерлері  аса қымбат машинаны қоқыс тастайтын жерге апарып, жиналған  журналистердің көздерінше,  арнайы техниканың  көмегімен бөлшектеп тастады, деп жазады Mashable басылымы.  Lamborghini Murcielago 2001 жылдан 2010 жылға дейін ғана шығарылған. Осы уақыттың ішінде бар-жоғы  4099 автомобиль құрастырылды. Ал қиратылған суперкардың құны 315 мың долларды құраған.


Жіберіп алмаңыз:

Атыс кезінде жараланып, төсекке таңылған полицейге медаль берілді

Букмекерлік кеңседен ірі ұтысын ала алмаған алматылық жігіт Рамзан Қадыровтан көмек сұрады

Теміртауда ер адам 16 жастағы қызды қаңырап қалған ғимаратқа апарып зорлап тастаған

Қазақстанда жаман жолмен ақша табатын интернет-дүкендер белгілі болды

Талқылау