Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында өгей анасы баласын 20 жерінен пышақтап өлтірді

Маңғыстау облысының Бейнеу аулының тұрғыны өзінің 16 жастағы өгей ұлын 20 жерінен пышақтап өлтірген деген күдікпен қамауға алынды.

Ал марқұмның туған анасы баласының өгей шешесімен тату тұрмағанын айтады. Тіпті ұлын алдағы жазда туған анасы қайта өзіне алуды да жоспарлапты, деп хабарлайды Астана арнасы

“Ажырасқанда бала күйеуімнің қолында қалды. Енеміз өзім бағам өзім қағам деп айтқан. Қалса қалсын жетімдер үйі емес қой әкесінің үйі ғой, барып көріп тұрам ғой сағынғанда дедім мен.Өзім ойым болды солай. Баланы котельда пышақтап сарайға бала бүктетіліп барған дейді. Балаға бір рет пышақ тықпаған 20 жеріне пышақ ұрып тастаған”, – дейді Кәмшат Қожақова.

Бұл сұмдық маңғыстаулықтарды дүр сілкіндірді. Мектептегілер де 9-класс оқушысының кісі қолынан қаза тапқанына сене алар емес. Мұғалімдері Нұрсұлтанның салмақты, тәртіпті  бала болғанын айтады. Өгей анасының мұндай қадамға баруына не себеп болғанын қазір тергеу анықтап жатыр. ІІД қылмыстық іс қозғады.

“Бейнеу ауданында болған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 99-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық процессуалдық Кодексінің 201-ші бабы бойынша бұдан өзге ақпарат тергеу аяқталғанша жарияланбайды”, – дейді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Жазира Әбіл.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандық әжей Ресей жерінде өз көлігінің астына түсіп көз жұмды

Талдықорғанда жүргізуші 10 жасар қыз бен оған тиіскен ер адамды автобустан далаға шығарып жіберген

Семейде 21 жастағы жігіт үш сәбиді өлімнен құтқарып қалды

Семейде 12 жастағы қыз рак ауруына шалдығып, төсек тартып жатыр

Талқылау