Қазақстандық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқып, “100 жаңа есім” қатарына кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі "100 жаңа есім — 100 новых лиц" айдарында Ақтау қаласының 6-сынып оқушысы Самир Валерийді қосты.
Екі жыл бұрын Самир минутына 90 сөзден артық оқи алмайтын. Алайда екі жылда жүйелі жаттығып, көрсеткішін едәуір жақсартты. Қазір оның оқу жылдамдығы минутына 16–17 мың сөзге жетеді.
Қазақстанда ауыл мектебін бітірген оқушы әлемнің 36 университетінен шақырту алды
ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлек сыйлыққа айфон, ноутбук, теледидар және пәтер алды
“Ақпаратты жоғары жылдамдықпен қабылдауы Самирге сабақта өзіне сенімді болуға және тек гуманитарлық пәндерде емес, нақты ғылым пәндерінде де жетістікке жетуге көмектесіп жатыр. Ол қалалық және аудандық олимпиадалардың жүлдегері, ал 2023 жылы мектебінде "Жыл оқушысы" атағына ие болды”, – делінген хабарламада.
Самир сыныптастары арасында ұйымшыл, мақсаткер және жауапты оқушы ретінде танымал. Ол мектеп өміріне белсене араласып, көшбасшылық қабілетін және өсуге деген ұмтылысын көрсетіп жүр. Оның айтуынша, болашақта ел игілігі үшін қызмет етіп, білім, өнер және спорт салаларында өзін танытқысы келеді.