Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстаулық ерлі-зайыпты түйе сүтінен ірімшік жасап әлемді мойындатты

Маңғыстаулық ерлі-зайыпты түйе сүтінен ірімшік жасап әлемді мойындатты

Фото: Видеодан скрин

Маңғыстаулық ерлі-зайыпты Александра және Никита Григоловтар Орталық Азиядан халықаралық гильдияға кірген алғашқы ірімшік жасаушылар атанды. Олар түйе сүтінен өздерінің ерекше рецепті бойынша ірімшік дайындайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстандықтардың шағын отбасылық шаруашылығы қазір танымал брендке айналған. Олдарың өнімдерін тіпті франциялықтар біледі. Ерлі-зайыпты қазір үш түрлі тұқымнан, атап айтқанда альпі, нубия және ламанчалық 86 ешкіні асырап отыр. Франиция чемпионатын мойындатқан ірімшіктер осы ешкілердің сүтінен жасалады.

Александра мен Никита – қытай-ағылшын тілінің аудармашылары. Шетелде тұрған олар ата-анасына көмектесу үшін Қазақстанға келіп, жылқы өсіреді. Кейін дәрігерлерден ұлының тағам көтере алмайтынын білгенде, олардың өмірлері түбегейлі өзгерді. Ақ халаттылар балаға ешкі сүтін беруге кеңес берген. Осылайша шаруашылыққа екі ешкі қосты. Екі ешкінің сүті бір отбасыдан артылып отырғандықтар ерлі-зайыпты оны отбасылық кәсіпке айналдыруды қолға алған. 

Шаруа иелері кей ешкілерді Ресейден алып келген. Олардың әр қайсысының лақап аты, төлқұжаты және өзіне тән мінезі бар. Сондай-ақ олардың жайылымға жібермейді. Өйткені жергілікті жусан ешкі сүтінің дәмін өзгертіп жіберуі мүмкін. Сондықтан оларды “қыздар” деп еркелетіп, рацион бойынша тамақтандырады. 

“Бәрі біледі, ірімшік жасауда негізінен сиырдың, ешкінің, қойдың сүті қолданылады. Ал біз ірімшік әлеміне, сатып алушылар мен тұтынушыларымызға жаңа бір нәрсе көрсеткіміз келді. Сол үшін түйе сүтімен тәжірибе жасадық, оны қалай қолдану керегін түсіндік. Сегіз ай бойы түйе сүтінен ірімшік өндірудің өзіндік технологиясын әзірледік”, – дейді Александра Григолова.

Шағын отбасылық шаруашылық 8 түрлі ірімшік жасап, шығарады. Олардың жартысы түйе сүтінен жасалады және бұл өнім авторлық өнім болып саналады. Бұл ерекше технологияны ойлап тапқан Александра. Ол – әлемде сирек кездесетін, яғни осы шикізатпен жұмыс істейтін мамандардың бірі. Биыл қыркүйекте өткен ірімшіктің әлемдік чемпионатында Григоловтар ондаған елді шаң қаптырып, бірден үш медаль жеңіп алды. Олардың ешкі мен түйе сүтінен жасалған ірімшіктері қазылар алқасына зор әсер қалдырды. Бұл олардың алғашқы жеңісі емес.

“2023 жылы біз Францияға бардық. Сол кезде Қазақстан  9 медаль жеңіп алды, оның екеуі, яғни қола мен күміс – біздікі. Қола – түйе сүтінен жасалған ірімшік үшін, ал күміс – қатты ешкі ірімшігі үшін берілді. Егер түйе сүтінен жасалған ірімшік жаңа санат болса, Францияда қатты ірімшіктер арасында қола алу да үлкен жетістік”, – дейді үйдің отағасы.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ақиқат Шарапатдиновтың айтуынша, өндіріс 5 миллион теңгелік гранттың арқасында іске қосылды. Бірақ жұмыс тек цехпен шектелмеді. Мемлекеттік бағдарлама аясында Александра Григолова екі жылдан бері жергілікті кәсіпкерлерге, әсіресе ауылдағы әйелдерге, ірімшік жасауды үйретіп келеді.

Жуырда бұл бірегей ферма мен оның иелерін еуропалық әріптестері тағы да ерекше атап өтті. Қазақстандық отбасыға әлемдегі барлық ірімшікшілердің қамқоршысы саналатын әулиелердің бірінің орденінің кавалерлері атағы берілді.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 29 Қыркүйек, 2025 13:53
Талқылау