Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда мұнайшылар Республика күні мерекесі қарсаңында сыйақы беруді талап етеді

"Ақтаурантехсервис" ЖШС қызметкерлері Маңғыстау облысындағы Жетібай және Қаламқас кен орындарында жұмыс істейді. Ұлттық мереке қарсаңында олар өздеріне сыйақы берілуін талап етеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

мунайшылар 2022

Жұмысшылардың сөздерінше, мұнай компаниялары қызметкерлеріне 50 АЕК төлеп қойған. Мұнайшылар "Қазмұнайгаз" мен "Маңғыстаумұнайгаз" басшыларынан өздеріне де осындай жағдай жасауды талап етеді.



"Біз, дала еңбеккерлері, мұны әділетсіздік деп санаймыз. "Қазмұнайгаз" және "Маңғыстаумұнайгаз" компаниялары мұнай саласындағы өз қызметкерлеріне берілген ақыларын біздің де алуымыз керек. Сондықтан "Ақтаурантехсервис", "ТрансАвис" және "ҚаламқасГаз" ЖШС-нің барлық жұмысшылары мерекелік cыйақы төлеуді талап етеді!", - делінген бейнемәлімдемеде.

Ақберен Амангелді
Дүйсенбі, 24 Қазан, 2022 13:25
Талқылау