Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда екі ауданның экс-әкімі 15 тәулікке қамауға алынды

Маңғыстауда екі ауданның экс-әкімі 15 тәулікке қамауға алынды

Фото: Іnstagram.com/eltizarov_online

Маңғыстау облысының Түпқараған және Мұнайлы аудандарының бұрынғы әкімі Әт Елтізаров мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 4 қарашада Рахат Елтізаровты мас күйінде көлік жүргізгені үшін ӘҚБтК-тің 608-бабының 1-тармағы бойынша жауапкершілікке тартты

Экс-шенеунік 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

“26 қазан күні сағат 21:50-де Ақтау қаласының 2-шағын ауданындағы "7 пятниц" барының маңында Рахат Елтізаров Chery Tiggo 4Pro автокөлігін мас күйінде жүргізгені үшін тоқтатылған. Медициналық тексеріс оның қанында 0,22 промилле алкоголь бар екенін анықтады”, – делінген іс материалында.

Рахат Елтізаровтың қорғаушылары алғашқы сот инстанциясының шешіміне шағымданды. Алайда 6 қарашада Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі алқасы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Айым Болатқызы
Жұма, 14 Қараша, 2025 09:23
Талқылау