Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда беташар жасаған әйел жауапкершілікке тартылды

Маңғыстау облысының тұрғыны беташар жасағаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

беташар

Басылымның хабарлауынша, төтенше жағдай Оңды аулында бұзылған. Жергілікті тұрғын беташар тойын өткізген.

"Төтенше жағдай режиміне қарамастан, жергілікті тұрғын карантиy ережелерін сақтамай үйде беташар рәсімін өткізді. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша "Төтенше жағдайды бұзу" хаттамасы жасалып, іс материалдары сотқа жіберілді", - деп хабарлады Маңғыстау облысы Қоғамдық байланыс орталығы баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін беташар жасап, әндеткен халықтың видеосы желіде қызу талыға түскен болатын.

Сондай-ақ, Ақтөбеде төтенше жағдай режимін сақтамай, салтанатты шара өткізген мейрамхана иесі жауапкершілікке тартылған.

STAN.KZ
Жексенбі, 12 Сәуір, 2020 18:54
Талқылау